Бүгін - қуанышты күн!
Бүгін - еңбектің бағаланған күні!
Сағаттап дайындалған, толқып өткен, жүректен төккен өнерлеріңіз бүгін өз жемісін берді.
Сіздер жай ғана жеңімпаз емессіздер.
Сіздер - табандылықтың, еңбекқорлықтың, арманына адалдықтың үлгісісіздер!
Бірінші орын алсаң да, алғыс хат алсаң да - сен жеңімпазсың! Себебі сен қорықпадың, сахнаға шықтың, өзіңді көрсеттің.
Жеңіс тұғырынан көрінген әр баланың артында - ұйқысыз түн, төккен тер, ата-ананың тілеуі және ұстаздың еңбегі тұр.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Самғауларыңыз биік, алар асуларыңыз көп болсын!
Біз сіздермен мақтанамыз! ❤️
